Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының екінші бөлігін іске асыру үшін әзірленді.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер мен бейрезидент-банктер филиалдарында қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптар белгіленген. Бұл талап тәуекелдерді анықтау, бағалау, бақылау және мониторинг жүргізу арқылы тиімді басқаруға, капитал мен өтімділіктің қабылданған тәуекелдер деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады. 

Қызмет бағыты