Бейрезидент банктердің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді қайта белгілеу туралы

Бейрезидент банктердің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді қайта белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін және оларды сатып алу (сату) тәртібін белгілеу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Бейрезидент банктер филиалдарының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, бейрезидент банктердің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін қайта бекіту көзделеді.

Бұл нормалар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін олардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және банктік қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында белгіленетін экономикалық шектеулерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Қызмет бағыты