«Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банкте, ислам банкінде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшылары мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банкте, ислам банкінде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшылары мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабардар етеді.

Жоба «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 3-тармағын іске асыру үшін әзірленді.

Жобада исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің және ислам банкінің исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша кеңес құру және оның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі міндеті көзделеді, сондай-ақ оның мәртебесіне, тәуелсіздігіне, тағайындау тәртібіне, сандық құрамына, біліктілігіне, тәжірибесіне, мүшелердің резиденттігіне және мүдделер қақтығысының болмауына қойылатын талаптар белгіленеді.

Жобаны қабылдаумен байланысты құқықтық салдарлар болжанбайды.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

Қызмет бағыты