Микроқаржылық қызмет және коллекторлық қызмет салаларындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру қағидалары туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасында микроқаржы және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджет жасауына қойылатын талаптар, басшы қызметкерлері туралы мәліметтер тізбесі және өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығарылған кездегі іс-қимыл тәртібі белгіленеді.

Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты