Үшінші тараптардан алынған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар және іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) «Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, оның ішінде үшінші тараптардан алынған, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар және іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясының 55-бабының 5 және 10-тармақтарын орындау үшін әзірленді.

Қаулы жобасымен үшінші тараптардан алынған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар және іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары және мерзімдері бекітіледі.

Қаулының жобасы туралы ақпаратпен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz