Банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы

Банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясының 55-бабының 2 және 10-тармақтарын орындау үшін әзірленді.

Қаулы жобасы ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауына бағытталған.

Қаулының жобасы туралы ақпаратпен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz