Қаржы нарығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігін реттеу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулы жобасы) әзірледі.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясының 55-бабының 9-тармағын орындау үшін әзірленді.
Қаулы жобасы қаржы нарығының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігін реттеуге бағытталған.
Жоба қалпына келтіру жоспарын әзірлеу және сынақтан өткізу талаптарын қамтиды. Онда негізгі орталықта төтенше жағдай немесе жоспарлы техникалық қызмет көрсету жағдайында банк қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету үшін негізгі және резервтік орталықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігі белгіленген. Әрбір орталық әртүрлі қызмет көрсетушілерден екі арнайы байланыс арнасымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қаулы жобасының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.