«Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы

Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы» заңының 48-бабының 3-тармағын орындау мақсатында «Банк конгломератының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулы жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы банктік конгломераттың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеуді, сондай-ақ банктік конгломераттың бас ұйымының аталған талаптардың консолидирленген негізде банктік конгломераттың қатысушылары тарапынан сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілігін бекітуді көздейді.
Қаулы жобасының толық мәтіні Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
press@finreg.kz