Банктердің және бейрезидент-банктер филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобада банктерге және Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдарына ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ көрсетілген қағидалар шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы ақпаратты Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну тәртібі мен мазмұны бойынша талаптар белгіленген.
Қаулының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089