Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Агенттік Басқармасы мен Ұлттық Банк Басқармасының Бірлескен қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба 2026 жылғы 16 қаңтарда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді және қолданыстағы нормаларды өзектендіруге бағытталған. Жобада жаңа талаптарды енгізу көзделмейді.
Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.