Банк конгломераттары үшін пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банк конгломераттары үшін пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабардар етеді.
Жоба «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 72-бабының 2 және 3-тармақтарын және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабын іске асыру үшін әзірленді.
Жобада банк конгломераттары үшін пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндерін, есептеу әдістемелерін, капитал мөлшері мен лимиттерді белгілеу көзделеді.
Жобаны қабылдаумен байланысты құқықтық салдарлар болжанбайды.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.