Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 6-тармағын орындау үшін «Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Басқарма қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы банктердің қайталама нарықта мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу тәртібін белгілейді және осындай мәмілелерді ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыру шарттарын, рұқсат етілген ерекшеліктер тізбесін, рұқсат етілген операциялар түрлерін, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздармен, меншікті облигациялармен, акциялармен, депозитарлық қолхаттармен операцияларды, репо операцияларын, міндеттемелерді қайта құрылымдау шеңберіндегі мәмілелерді және активтерді топ ішінде беруді қоса алғанда, жекелеген мәмілелерді жасасу ерекшеліктерін айқындауды көздейді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.