Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізбесін және сатып алу тәртібін бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы 22-бабының 5-тармағын орындау үшін «Әмбебап банк  лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарының  тізбесін  және сатып алу тәртібін бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулыны қабылдау нәтижесінде әмбебап банк лицензиясы бар банктерге, базалық банк лицензиясы бар банктерге, сондай-ақ ислам банктеріне туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарын қоса алғанда, қаржы құралдарының белгіленген тізбесі бар бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті осы қаулыда айқындалған шарттарда және тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.

Қаулы жобасының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында  танысуға болады.

Қызмет бағыты