«Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттік Басқармасының қаулы жобасы

Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы» заңының 50-бабының 7-тармағын орындау мақсатында «Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы банктердің банкпен ерекше қатынастары бар тұлғалармен мәмілелер жасасу тәртібін белгілеуге бағытталған және осындай мәмілелердің шарттары мен түрлерін, контрагенттердің қаржылық жағдайы мен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптарды, банктік қарыздар мен кепілдіктердің шекті мөлшерлерін, бланкілік қарыздарға қатысты шектеулерді, директорлар кеңесінің мүшелері мен ірі қатысушылармен жасалатын мәмілелер бойынша лимиттерді, сондай-ақ мәмілелердің құнына қойылатын шектеулер мен мәмілелерді жеңілдетілген шарттармен жасалған мәмілелерге жатқызудың қосымша өлшемшарттарын айқындауды көздейді.
Қаулы жобасының толық мәтіні Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
press@finreg.kz