Банкпен, банк конгломератымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп тану қағидалары

Банкпен, банк конгломератымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар деп тану қағидалары туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы» заңының 49-бабының 3-тармағының 1) тармақшасын орындау мақсатында «Банкпен, банк конгломератымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар деп тану қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы банктердің ерекше қатынастары бар тұлғалармен мәмілелер жасау тәртібін айқындауға бағытталған және оған осындай мәмілелердің шарттары мен түрлері, контрагенттердің қаржылық жағдайы мен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар, банктік қарыздар мен кепілдіктердің шекті мөлшерлері, бланкілік қарыздарға қатысты шектеулер, директорлар кеңесінің мүшелері мен ірі қатысушылармен жасалатын мәмілелерге арналған лимиттер, мәмілелердің құнына қойылатын шектеулер және жеңілдетілген шарттармен жасалған мәмілелерді анықтау үшін қосымша өлшемшарттар енгізіледі.
Қаулы жобасының толық мәтіні Агенттіктің ресми интернет-ресурсында қолжетімді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
press@finreg.kz