Болу қажеттілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және мемлекеттер үшін ең төменгі рейтингіні белгілеу туралы

Болу қажеттілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және мемлекеттер үшін ең төменгі рейтингіні белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және мемлекеттер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы бейрезидент-заңды тұлғалар үшін олар банктің, сақтандыру ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің мәртебесін алған, еншілес банк, сақтандыру ұйымын, бейрезидент-банктің филиалын құрған кезде «ВВВ»-ден төмен емес деңгейде ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг белгілеуді көздейді.

Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсындағы «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz