2026 жылға арналған Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2025 ж. № 1181 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2026 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының 7 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғынжайды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру, сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын әзірледі.
Заң жобаларын ҚР Әділет министрлігіне енгізу мерзімдері – 2026 жылғы сәуір, ҚР Үкіметінің Аппаратына – 2026 жылғы маусым, ҚР Парламентіне – 2026 жылғы тамыз.
Орындалу барысы: әзірлеу үдерісіндегі заң жобалары.