Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саясатына қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгенін хабарлайды.
Жоба «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 1-тармағын «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 4-тармағының 2-бөлігін және 34-бабының 2-тармағын іске асыру үшін әзірленді.
Жобада қаржы ұйымдарының еңбекақы төлеу және басшы қызметкерлерді материалдық көтермелеу жөніндегі ішкі саясатына бірыңғай талаптар белгілеу көзделеді.
Жобаны қабылдауға байланысты құқықтық салдар болжанбайды.
Жобаның толық мәтінімен нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы