Микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселесі бойынша Агенттіктің нормативтік құқықтық актісінің жобасы туралы

Микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселесі бойынша  Агенттіктің нормативтік құқықтық актісінің жобасы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Микроқаржы ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы «Микроқаржы қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру, қоса алғанда, оның жұмыс істеуіне жауапты басқару органының өкілетін мен жауапкершілігін айқындауды, сондай-ақ қорғаудың екінші және үшінші желісі функцияларының тәуелсіздігін қалыптастыруға және қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды көздейді.

Қаулы жобасын қабылдау микроқаржы ұйымдарының тұрақтылығын арттыруға, корпоративтік басқаруды күшейтуге және олардың қызметіне байланысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Қызмет бағыты