Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу көзделеді
Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.