Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының 30-бабының 5-тармағын іске асыру үшін                 «Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасында стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдардың қызметін реттеу нормалары, сондай-ақ олар сатып алатын активтерге қойылатын талаптар белгіленеді.

Құжат басқару тиімділігін арттыру және стрестік активтермен жұмыс істеу саласындағы құқықтық сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында құқықтық тетікті жетілдіруге бағытталған.

 Қаулы жобасының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Қызмет бағыты