Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу қағидаларын, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу тәртібін бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы жаңа Заңының 68-бабының 2-тармағын іске асыру үшін «Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны, сондай-ақ көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу қағидаларын, сондай-ақ осы операцияны уәкілетті органның келісу тәртібін бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасында банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу, сондай-ақ уәкілетті органның осы операцияларды келісу тәртібі, көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлері белгіленеді.
Құжат құқықтық айқындылықты қамтамасыз ету және мұндай операцияларды уәкілетті органмен тиімді келісу мақсатында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізу тәртібін реттеуге бағытталған.
Қаулы жобасының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.