Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, қорытындының мазмұнына, оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының 82-бабы 9-тармағының төртінші бөлігін іске асыру шеңберінде «Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы:
- өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін;
- өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды;
- өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды да көздейді.
Қаулы жобасының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.