Қызметін тоқтататын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және бейрезидент банктер филиалдарының уақытша әкімшіліктерін тағайындау және олардың қызметі Агенттік Басқармасының қаулысының жобасы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банкті басқару жөніндегі, сондай-ақ банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілікті тағайындау және оның қызметі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау және өкілеттіктері қағидаларын, Банкті басқару жөніндегі, сондай-ақ банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілік және өзге де ақпарат, банкті басқару жөніндегі, сондай-ақ банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілік және өзге де ақпарат ұсыну тізбесі, нысандары мен мерзімдерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.
Жобамен банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті тағайындау тәртібі, сондай-ақ банкті банктік операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік көзделеді. Сонымен қатар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және оның өкілеттіктері, банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен өкілеттіктері, сондай-ақ банкті банктік операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілік уәкілетті органға ұсынатын есептілік пен өзге де ақпараттың тізбесі, нысандары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі айқындалады.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы