Банктік және микроқаржы активтерін электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда- саттықты ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптарды бекіту мақсатында әзірленді.
Құжатта қатысушыларды тіркеу тәртібі, электрондық сауда алаңында банктік және микроқаржы активтерімен сауда-саттықты өткізу қағидалары мен әдістері көзделген.
Қаулы жобасының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы