Банкке және сақтандыру ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру мәселелері туралы

Банкке және сақтандыру ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі «Банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына еншiлес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуына, банктің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру, еншілес ұйымды құруға, иеленуге, ұйымның капиталына елеулі қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Агенттіктің Басқарма қаулысының жобасын әзірледі.

Жоба "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыруға әзірленді.

Жоба Агенттіктің банкке, сақтандыру ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, ұйымдардың капиталына елеулі қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ банктің стресстік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібін көздейді.

Жобада сондай-ақ банкке, сақтандыру ұйымына еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу, сондай-ақ ұйымдардың капиталына елеулі қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін қысқарту көзделеді.

Жобаның толық мәтінімен «Ашық НҚА» порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15744631 және  Агенттіктің ресми интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/955743?lang=kk танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

 

press@finreg.kz

Қызмет бағыты