Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулы жобасы әзірледі.

Жоба Қазақстан Республикасының «Банктер және Қазақстан Республикасындағы банк қызметі туралы» заң жобасын іске асыру мақсатында Басқарма қаулысының жобасы әзірленді. Жобада банктік қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) есептеу және ашу тәртібі, соның ішінде есепке алынатын төлемдердің құрамы мен ЖТСМ-ді қайта есептеу қағидалары белгіленеді.

Басқарма қаулысының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты