Банктерді ерікті түрде тарату және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтату Агенттік Басқармасының қаулысының жобасы туралы

Банктерді ерікті түрде тарату және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтату Агенттік Басқармасының қаулысының жобасы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін белгілеу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.

Жобамен банктердегі ерікті таратудың және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатудың ерекшеліктері белгіленген.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz