Қаржы ұйымдарының биометриялық аутентификация жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық аутентификация жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобада биометриялық деректерді пайдалану және қорғау қағидаттары, бет бейнесі бойынша биометриялық аутентификация тәртібі, сәйкестендіру деректерін алу және кескіннің дұрыстығын тексеру рәсімдері, сәйкестендіру деректерін беру кезінде байланыс арналарын шифрлауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптар, сондай-ақ банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микроқаржы ұйымдарының биометриялық аутентификацияның бүкіл процесін құжаттау тәртібі белгіленген.
Қаулының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089