Таратылған ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін басқа ислам банкіне беру тәртібін белгілеу Агенттік Басқармасының қаулысының жобасы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банкті, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын, әмбебап банктік лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын таңдау және оларға қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын, әмбебап банктік лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлкін және инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерін беру қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.
Жобамен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтататын таратылатын ислам банкінің мүлкі мен міндеттемелерін басқа ислам банкіне беру тәртібі белгіленеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы