Тарату комиссиялары үшін есеп беру нысандарын және қосымша ақпаратты, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдерін белгілеу Агенттік Басқармасының қаулысының жобасы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ерiктi түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктер, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары тарату комиссияларының есептерді және қосымша ақпаратты беру нысанын, мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiн бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.
Жобамен ерікті және мәжбүрлі түрде таратылатын банктердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін ерікті және мәжбүрлі түрде тоқтататындардың тарату комиссиялары ұсынатын есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандары, мерзімдері және кезеңділігі белгіленеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында .
Сыртқы коммуникациялар басқармасы