Банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын уәкілетті органның тағайындау тәртібі Агенттік Басқармасының қаулысының жобасы туралы

Банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын уәкілетті органның тағайындау тәртібі Агенттік Басқармасының қаулысының жобасы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.

Жобамен уәкілетті органның мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын ҚР бейрезидент банктерінің филиалдарының тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және қызметтен босату тәртібі белгіленеді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты