Банктерді мәжбүрлеп тарату және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату Агенттік Басқармасының қаулысының жобасы туралы

Банктерді мәжбүрлеп тарату және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату Агенттік Басқармасының қаулысының жобасы туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.

Жобамен банктерде мәжбүрлеп таратуды жүргізу және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібі белгіленеді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты