Мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын, халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы бойынша ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Мінсіз іскерлік беделі болмауының өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын,  халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы бойынша ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін бекіту туралы»АгенттікБасқармасықаулысыныңжобасынәзірледі.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, Байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыруға әзірленді.

Жобада Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі уәкілетті органның қаржы нарығы субъектісінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібі, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болмау критерийлері, келісім алу үшін қажетті құжаттар айқындалады, сондай-ақ кәсіби біліктілігі расталған басшы қызметкер лауазымына кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктер белгіленеді және осындай сертификаттардың тізбесі.

Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңның 9-4-бабында қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар белгіленген, бұл ретте салалық заңдарда тиісті лауазымдардың тізбесі ғана сақталған.

Осыған байланысты жобада банк секторының, сақтандыру секторының, бағалы қағаздар нарығы секторының және зейнетақы қызметтері секторының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылады.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz