Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына, оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне, оны келісу тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар бекітілді

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына, оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін  бағалау әдістемесіне, оны келісу тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар бекітілді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 26 желтоқсанда «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына, оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін  бағалау әдістемесіне, оны келісу тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Басқарманың № 84 қаулысын қабылдады (бұдан әрі – Қаулы), ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Қаулы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабының 2-тармағына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулымен:

  • халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына;
  • сақтандыру міндеттемелерін бағалауды автоматтандыруға;
  • сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне;
  • сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесін келісу тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар бекітілді.

Сақтандыру міндеттемелерін бағалаудағы негізгі жаңалықтар сақтандыру шарттарын есепке алу және пайданы тану тәсілдерінің өзгеруі болып табылады. Сақтандырушыларда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бағалауға арналған ақпараттық жүйелердің болуына қойылатын талаптар белгіленді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары әзірлейтін сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне қойылатын талаптар айқындалды.

Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/943832?lang=kk) танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz

Қызмет бағыты