«Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына өзгеріс  енгізу туралы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

«Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына өзгеріс  енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы 26 мамырда «Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Агенттік Басқармасының
№ 25 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады. 

Қаулы «Экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту және халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту жөніндегі шаралар туралы» Мемлекет басшысының 2023 жылғы 10 наурыздағы
№ 140 Жарлығын іске асыру үшін әзірленді, ол мынадай негізгі өзгерістер мен толықтыруды көздейді:

- жеке тұлғамен жасалған, күнтізбелік 45 күнге дейінгі кезеңге берілген, 30 АЕК-тен (103,5 мың теңгеден) 50 АЕК-ке (172,5 мың теңгеге) дейінгі сомаға кепілсіз микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін 20%-дан 15%-ға дейін төмендету;  

- жеке тұлғамен жасалған, кепіл мүлкімен қамтамасыз етілген, күнтізбелік 45 күнге дейінгі кезеңге берілген микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының күнделікті мөлшерлемесін 1%-дан 0,8%-ға дейін төмендету.

Аталған түзетулер қарыз алушылардың борыш жүктемесін төмендетіп, микрокредиттер бойынша артық төлемді азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2023 жылғы 30 мамырда тіркелді. Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында танысуға болады.

Қаулы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялану сатысында және 2023 жылғы 1 қазанда қолданысқа енгізіледі.

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-89, email: press@finreg.kz