Міндетті автосақтандыру құнын есептеу үшін түзету коэффициенттерінің көрсеткіштерін бекіту туралы қаулы қабылданды

Міндетті автосақтандыру құнын есептеу үшін түзету коэффициенттерінің көрсеткіштерін бекіту туралы қаулы қабылданды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын түзету  коэффициенттерінің 2026 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 13 қарашадағы № 72 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) қабылдағаны туралы хабарлайды.

Қаулы «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – КҚИ АҚЖМС Заңы) және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 46 қаулысының талаптарына сәйкес әзірленді.

Қаулымен 2026 жылға арналған түзету коэффициенттерінің мөлшерлері бекітілді, олар жүргізушінің жасы мен жүргізушілік өтілі, сақтандыру оқиғаларының тарихы және көлік құралының сипаттамалары сияқты параметрлермен қатар, міндетті автосақтандырудың құнын есептеу кезінде пайдаланылатын болады.

КҚИ АҚЖМС Заңына сәйкес сақтандыру ұйымдары жылына бір рет бекітілген түзету коэффициенттерін 10% - ға ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.

Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты