Қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша Агенттік Басқармасы қаулыларының жобаларын әзірлеу туралы

Қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша Агенттік Басқармасы қаулыларының жобаларын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттік мынадай қаулылардың жобаларын әзірледі:

  1. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы ) әзірледі.

Қаулы жобасы пруденциалық реттеу мақсатында уәкілетті орган рейтингтік бағалауын танитын рейтингтік агенттіктердің тізбесін кеңейту мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14588476 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

  1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірлеу туралы хабардар етеді.

Жобада, басқалармен қатар, төлем карталарының банкаралық жүйесінде есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесі шеңберінде кепілді қамтамасыз етудің жеткіліктілігін қабылдау, есепке алу және бақылау функцияларын қор биржасына бекіту көзделеді. Жоба сондай-ақ депоненттерге депоненттің клиенттерін немесе оларға тиесілі қаржы құралдарын жіктеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беру мақсатында қаржы құралдарын жиынтық есепке алу үшін орталық депозитарий депонентінің дербес шотында бірнеше қосалқы шоттар ашу мүмкіндігін, сонымен қатар редакциялық және нақтылау сипатындағы басқа да түзетулерді қарастырады.

Жоғарыда аталған жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актінің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14569250 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.

 

Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:

+7 (727) 2 371 120

e-mail: press@finreg.kz

www.finreg.kz