Сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері туралы

Сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлеу туралы хабарлайды.

Жоба сақтандыру секторының орнықтылығы мен ашықтығын арттыруға, цифрландыруды дамытуға және сақтанушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Негізгі шаралар сақтандыру ұйымдарының сақтандыру пулдарына қатысуларын ынталандыруды және сақтандыру өнімдеріне баға белгілеу кезінде шығындарды шектеуді, соның ішінде сақтандыру компанияларының саладағы инновацияларды қолдау үшін IT капиталға және қаржылық технологиялық компанияларға қатысуын қамтиды.

Жоба сондай-ақ аутсорсинг, алаяқтыққа қарсы күрес және сақтанушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі талаптарды қоса алғанда, сақтандыру заңнамасын Халықаралық Сақтандыру Қадағалаулар  Қауымдастығы – Insurance core principles (ICP) International Association of Insurance Supervisors (IAIS) сақтандырудың негізгі қағидаттарына сәйкес келтіру жөніндегі Дүниежүзілік Банктің ұсынымдарын іске асыруға бағытталған.

Клиенттердің құқықтарын сақтауға және жосықсыз тәжірибелердің алдын алуға жауапты сақтандыру ұйымында тәуелсіз бөлімше құру жөнінде талап белгіленбек.

Enbek.kz платформасында онлайн-оқытуды қоса алғанда, «Актуарий» лицензиясын алу үшін танылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі кеңейтілмек.

Жобаның толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында

https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/918785?lang=kk танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты