Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына, оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне, оны келісу тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына, оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне, оны келісу тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Агенттіктің Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жоба «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 47-1-бабының 2-тармағына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобамен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға және олардың құрылымына, оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне, оны келісу тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар бекітіледі.
Жобаның толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/914874?lang=kk.