Банктік және микроқаржылық қызметтер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларының өзгеруі туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 64 қаулысымен банктік және микроқаржылық қызметті реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қаулыда мыналар көзделген:
- қашықтан қызмет көрсету кезінде мобильдік қосымшаларда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) көрсету бойынша талаптарды белгілеу;
- ЖТСМ калькуляторын интернет-ресурста орналастыру;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пайдасына, оның ішінде оларды жасау банктік қарыз немесе микрокредит беру (өзгерту) шарттарына әсер ететін не кепіл берушінің пайдалануындағы және клиенттің (қарыз алушының) міндеттемелерін қамтамасыз ететін кепіл нысанасын сақтандыру шарттарын қоса алғанда, банктік қарыз немесе микрокредит шарттарынан туындайтын банктік қарыз немесе микрокредит беру кезінде ерікті сақтандыру шарттары шеңберінде жүзеге асырылатын банктік қарыз немесе микрокредит сомасы есебінен клиенттің (қарыз алушының) төлемдерін ЖТСМ-ның есебіне енгізу;
- қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссияны ЖТСМ-ның есебінен алып тастау.
Қабылданған өзгерістер қаржылық қызметтер көрсету талаптарының ашықтығын арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және қаржы нарығында ақпаратты жария етудің бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға бағытталған.
Басқарма қаулысының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89