Қаржы нарығын реттеу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және қаржы нарығында жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі Заңын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және қаржы нарығында жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба, оның ішінде:
- бенефициарлық меншік иесінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болған кезде қаржы ұйымының ірі қатысушысы болуға немесе холдинг мәртебесін алуға ниет білдірген тұлғаларға келісім беруден бас тарту негіздерін толықтыруды;
- қаржы ұйымдарының клиенттің күдікті қызметіне мониторинг жүргізу тәртібін;
- қаржы ұйымдарының клиентті (оның өкілін) тәуекел-сәйкестендіру мақсатында скорингтік модульді (әртүрлі деректер көздерінен алынған ақпаратты қамтитын автоматтандырылған жүйе) пайдалану мүмкіндігін көздейді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы