"SSG Lombard" ЖШС-ін микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айыру туралы

"SSG Lombard" ЖШС-ін микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айыру туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 07.10.2025 жылғы № 66 бұйрығына сәйкес «SSG Lombard» ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды.

«Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес лицензиядан айыруға қызметін ҚР заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұза отырып жүзеге асыру негіз болды.

Ломбард Заң талаптарына сәйкес, Агенттікпен микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап күнтізбелік  30 күн ішінде өзінің атауынан  аталған заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын білдіретін «ломбард» деген сөздерді, одан туындайтын сөздерді немесе  аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін өткізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға тиіс.

Ломбард лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Ломбард клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес Ломбард алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады.

 

Байланыс нөмірлері : +7 (727) 237-11-11, ішкі: 6316

Қызмет бағыты