Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 02 қазандағы № 818 Қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.
Қаулы Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 436-бабының 13) тармақшасын және 681-бабының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулыда бағалы қағаздар бойынша төленетін дивидендтер мен сыйақыларға қатысты салықтық жеңілдіктерді қолдану мақсаттары үшін бағалы қағаздардың өтімділік өлшемшарттарын белгілеу көзделеді. Акциялар мен пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша мәмілелердің көлемі мен санына қойылатын ең төменгі талаптар көзделеді, сондай-ақ еркін айналымдағы акциялардың үлесіне және IPO (Initial Public Offering) не SPO (Secondary Public Offering) болуына талаптар белгіленеді. Борыштық бағалы қағаздар үшін ашық сауда-саттық әдісімен биржада орналастырылған және айналыстағы шығарылым көлемі бойынша өлшем көзделген.
Аталған ережелер Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін іске асыру шеңберінде қолданыстағы реттеуді қайта бекітуді білдіреді.
Қаулы компанияларды бағалы қағаздармен белсенді сауда жасауға ынталандыру, нарықтық жағдайларда бағалы қағаздар ұсынысын кеңейту, оның ішінде IPO өткізу есебінен қор нарығының өтімділігін арттыруға бағытталған.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89