Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) ұсынатын есептілік нысандарын өзектендіру туралы

2025 жылғы 15 қыркүйекте Агенттік Басқармасы «Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілікті және өзге ақпаратты ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ Оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 58 қаулы қабылдады.
Қаулы банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшісі) ұсынатын есептілік нысандары мен қосымша ақпаратты өзектендіру және оңтайландыру мақсатында әзірленді.
Мынадай өзгерістер көзделеді:
- банктердің уақытша әкімшіліктерінде (уақытша әкімшісінде) өңірлерде филиалдары мен бөлімшелерінің болуын немесе болмауын есепке алмай, есептілік нысандарын уәкілетті органға ұсыну үшін бірыңғай мерзім белгіленеді;
- Қаулыға қосымшалардағы есептілік нысандарында уәкілетті органның интернет-ресурсының сілтемесі ауыстырылады, атап айтқанда «www.finreg.kz» орнына «www.gov.kz/memleket/entities/ardfm» жазып көрсетіледі;
- банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (1-қосымша) баланстан тыс шоттары бойынша Есеп нысаны алып тасталады, өйткені онда көрсетілетін ақпарат Агенттік тарапынан бақылауды талап ететін банктегі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы уақытша әкімшілендіру процесіне әсер етпейді.
Қаулы 25.09.2025ж. бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінімен ҚР НҚА Эталондық бақылау банкінде танысуға болады.