Орталық депозитарийге кастодиандық қызметке лицензия беру тәртібін оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»АгенттікБасқармасықаулысыныңжобасынәзірледі.
Жоба орталықдепозитарийгебағалықағаздарнарығындағыкастодиандыққызметкелицензия беру рәсіміноңтайландырумақсатындаәзірленді.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 1-тармағына сәйкес орталық депозитарий қызметтің осы түріне лицензиясы болған кезде бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрін (түрлерін) жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар үшін қолданыстағы лицензиялау қағидаларында бағалы қағаздар нарығында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия берудің оңайлатылған тәртібі – құжаттардыңқысқартылғантізбесібелгіленді.
Орталық депозитарий жоғарыда көрсетілген Заңның 45-бабының 2-1-тармағында белгіленген бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін заңға сәйкес лицензиясыз жүзеге асырады.
Орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығының қолданыстағы кәсіби қатысушысы болып табылатындығын ескере отырып, жобада оған кастодиандық қызметке лицензия берудің оңайлатылған тәртібін бағалы қағаздар нарығының лицензиаттарына кәсіби қызметтің қосымша түріне лицензия беру тәртібіне ұқсасбелгілеудіұсынады.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89