Пруденциялық реттеуді өзгерту мәселелері туралы

Казақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 28 тамызда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №52 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.
Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Қаулымен банктерді пруденциялық реттеу мәселелері жөніндегі бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізіледі, оған сәйкес бейрезидент-банктің жаңадан ашылатын филиалының резерві ретінде қабылданатын активтер Қазақстанның Ұлттық Банктағы корреспонденттік шотта ғана емес, қаржы құралдарында да (ҚР МБҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ БҚ, 100% акционері ҚР ҰБ болып табылатын кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғаның ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаның БҚ) орналастырылады.
Аталған түзетулер реттеуші алдын ала мақұлдаған қаржы құралдарына шетелдік банк филиалының қалыптастырылған активтерінің салымдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қаулыда макропруденциялық саясат құралдарын бөлу мақсатында Агенттік пен Ұлттық Банктің мандаттарының ара жігін ажыратуды көздейтін ХВҚ-ның FSAP шеңберіндегі ұсынымдарын ескере отырып, капиталдың контрциклдік, секторлық контрциклдік буферлерін, банк қарыз алушысының борыш жүктемесінің коэффициенттерін және банк қарыз алушысының кірісіне шаққандағы борышты пруденциалық нормативтер құрамынан алып тастау көзделген.
Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы