Екінші деңгейдегі банктерде Базель III талаптарын кезең кезеңімен енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба екінші деңгейдегі банктерде ашықтықты арттыру және нарықтық тәртіпті нығайту үшін Базель III (Pillar 3) сәйкес ақпаратты ашу жөніндегі талаптарды кезең-кезеңімен енгізу мақсатында әзірленді.
Жоба екінші деңгейдегі банктерде ашықтықты арттыру және нарықтық тәртіпті нығайту шеңберінде Базель III (Pillar 3) үшінші компонентті енгізу мақсатында әзірленді.
Қаулының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсындағы «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы