Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын жаңарту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында 2025 жылғы 20 тамызда «Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 189 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 37 қаулыны қабылдады.
Қаулымен басшы қызметкерлердің және басшы қызметкерлерге кандидаттардың іскерлік беделін бағалау кезінде уәжді пайымдауды пайдалану көзделеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Агенттік мынадай салаларда уәжді пайымдауды қолданады:
- рұқсаттар, келісімдер мен лицензиялар беру кезіндегі іскерлік беделді, сондай-ақ қаржылық жағдайды бағалау;
- жеңілдікті шарттармен байланысты тұлғалар мен мәмілелерді анықтау;
- тәуекелдерді басқару жүйесінің сапасын бағалау;
- резервтердің барабарлығын бағалау;
- ірі қатысушылар болып табылатын (бірлесіп) тұлғаларды анықтау.
Қаулыда басшы қызметкерлердің (кандидаттардың) іскерлік беделін бағалау кезінде ескерілетін фактілердің тізбесі адамның қаржы ұйымының төлем қабілетсіздігіне және оны мәжбүрлеп таратуға не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға әкеп соққан құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілерінің болмауы туралы жаңа талаппен толықтырылады.
Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы