Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2025 жылғы
28 тамыздағы № 43 қаулысының қабылданғаны туралы хабарлайды.

Қаулыда Қазақстанның қор нарығында шетелдік есепке алу ұйымдарының қызмет етуі үшін жағдайлар жасау көзделген. Енді Euroclear және Clearstream сияқты жетекші халықаралық есепке алу ұйымдары өз клиенттеріне орталық депозитарий жүйесіндегі номиналды ұстау шоты шеңберінде қызмет көрсете алады.

Бұдан басқа, клирингтік ұйымның бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері оның қызметінің бейінін ескере отырып айқындалған. Брокерлік қызметті жүзеге асыру шеңберінде клирингтік ұйымның номиналды ұстаушының қызметтерін көрсетуге құқығы жоқ.

Сонымен қатар, орталық депозитарийдің кастодиандық қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібі белгіленді. Орталық депозитарийге оның есепке алу жүйесі құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, кастодиандарға қойылатын талаптар мен қағидаттар қолданылады.

Қабылданған шаралар Қазақстанның қор нарығына, оның ішінде шетелдік инвесторлардың қазақстандық бағалы қағаздармен операцияларға қол жеткізуін кеңейту және оңайлату, сондай-ақ есеп айырысу және клиринг инфрақұрылымын жетілдіру есебінен оң әсер етеді деп күтілуде.

Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 10 89

press@finreg.kz